Сахна сауаттылығы сөз болған семинар (Видео)

Сахна сауаттылығы сөз болған семинар (Видео)

Бүгінде Алматы облысына қарасты Мәдениет үйлерінің жанынан құрылған 12 театр бар болса, оның ішінде «халықтық» атағы жоқтар мен жаңадан құрылған ұжым өз алдына еңбек етуде. Бүгін дәл осы өнер адамдары Шамалған ауылдық Мәдениет үйінде бас қосып, «Театр шеберлерінің шығармашылығын дамыту» тақырыбында облыстық әдістемелік семинарға қатысты, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының және Алматы облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен өткен шараға ҚР еңбек сіңірген қайраткері, белгілі актер, бүгінде Алматы облыстық халық шығармашылығы орталығының театр ұжымдарының жұмысын үйлестіруші әдіскері қызметін атқарып жүрген Асқар Наймантаев, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Театр өнері бөлімінің меңгерушісі, Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының ұстазы, «Драма.кз» атты заманауи драматургия фестивалінің жетекшісі, өнертану кандидаты Амангелді Мұқан арнайы шақырылды.

Семинар барысында алдымен Асқар Наймантаев шеберлік сағатын жүргізіп, театр ұжымдарына сахнаға шығу тәртібі мен сахна сауаттылығы жайлы түсіндірді. Одан кейін өзінің «Конферансье» және  «Халық театрының қалта кітабы» деп аталатын авторлық кітаптарын әдістемелік-құрал ретінде таныстырып, актерлерге таратып берді.

Ал театртанушы Амангелді Мұқан драматургия тақырыбында әңгіме өрбітіп, режиссерлерге бірқатар сахнада қойылатын драмалардың тізбегін ұсынды.

Сонымен қатар, бұл жиында театр ұжымының бүгінгі жағдайы, олардың мәртебесі, фестивальдерге қатысу шарты, кәсіби деңгейде шыңдалуына қатысты сұрақтар талқыланды. Ашық пікір талас туып, айтылған ойлар ортаға салынды.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях