Қарасай жерінде логопед мамандары тәжірибе алмасты (Видео)

Қарасай жерінде логопед мамандары тәжірибе алмасты (Видео)

Қаскелең қаласындағы А.Байжанов атындағы орта мектебі қазіргі таңда балалардың жоғары деңгейде білім алулары және де олардың барлық жағдайын жасау үшін көптеген ауқымды жұмыстарды атқаруда. Бүгін де аталмыш білім ордасы осы бағытта мектеп қабырғасында ерекше ауқымды семинар-тренинг өткізді, – деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Нақтырақ айтқанда, аталмыш білім ошағы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетімен ынтымақтастық меморандум жасасты. Аудандық білім бөлімі ұйымдастырған шараның аясында бүгін облысымыздың жан-жағынан логопед мамандар жиналып, семинар-тренинг ұйымдастырды.

Оның барысында аталмыш университеттен және арнайы орталықтан келген кәсіби мамандар қатысушыларға балаларда тіл кемістігі қандай жағдайларда пайда болуы мүмкін екенін және оның түрлерін қалай ажыратуға болатындығын үйретті, сондай-ақ кемістіктің түріне қарай қандай маманға жіберу қажет екенін түсіндірді. Тіл кемістігі бар балалармен жұмыс жасау барысында міндетті түрде мектеп психологын да араластыру керектігін жеткізді. Бұған қоса, логопед жұмысындағы өздерінің тәжірибелерімен бөлісіп, тіл кемістігі бар балалалармен түзету жұмыстарын жасаудың жаңа әдіс-тәсілдерін айтып өтті.

Жалпы семинар-тренинг барысында қатысушылар мамандардан түсінікті форматта практикалық мысалдар арқылы психикалық бұзылулардың негізгі формаларымен, диагностика әдістерімен танысып, соған сүйене отырып, түзету жұмыстарын жүзгізудің жаңа әдістерін үйренді.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях