Сәтбаевтағы оқиға: күдікті екі айға қамалды

Сәтбаевтағы оқиға: күдікті екі айға қамалды

Сәтбаев қаласының соты педофил деген күдікпен ұсталған азаматты қамауға алу туралы санкция шығарды. Бала ұрлау және зорлауға қатысты күдікті қылмыстық іс тергелгенге дейін екі ай қамауда болады, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Еске салайық, бұған дейін Қарағанды облысы Сәтбаев қаласында жанжал шыққан болатын. Тұрғындар баланы ұрлады деген күдікке ілінген адамды тергеусіз жазалауды талап еткен. Жоғалған қызды іздеу барысында ашуланған тұрғындар полиция ғимараты маңындағы көліктерді өртегені хабарланған.

Артынша ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев осы екі жағдайға қатысты пікір білдірген болатын. «Ұрлау» және «Зорлау» баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Шорнақ ауылы мен Сәтбаев қаласындағы оқиғаларға байланысты Президент Әкімшілігінің басшылығымен, Түркістан және Қарағанды облыстарының әкімдерімен, құқық қорғау органдарының басшылығымен кеңес өткізген.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях