Пробация қызметкерлерінің қайырымды ісі

Пробация қызметкерлерінің қайырымды ісі

Ауданымыздың пробация қызметі, пробация есебінде тұратын тұрмыс жағдайы төмен, көп балалы отбасыларға қол ұшын созуды игі дәстүрге айналдырып келеді. Кешеде аталмыш органның қызметкерлері өздерінің игі шараларын жалғастырып, тағы қайырымдылық акциясын өткізді, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Қазіргі таңда әлемді дүрліктірген індетке байланысты елімізде бірқатар шектеу шаралары жарияланып, көмекке мұқтаж жанұялардың саны артқаны рас. Осы тұста, аудандық пробация қызметкерлері осындай отбасыларға қолдау көрсету мақсатында аптаның сәрсенбісі күні көмекке мұқтаж есепте тұрған қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес сотталғандардың үйлері барып, оларға қажетті азық-түлік себеттерін таратып, жәрдем етті. Осылайша, пробация қызметкерлері тарапынан тағы бір ізгі амал жасалды.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях