Желтоқсаншыларға құрмет көрсетілді  

Желтоқсаншыларға құрмет көрсетілді   

Азаттық үшін жан кешкен желтоқсан көтерілісінде қаншама намысты жастар азап шекті. Ал, осы  Тәуелсіздік үшін күрескен сол кездегі қаһармандарымыздың бірқатары қазір ортамызда жүр. Биыл егемендігімізді айқындайтын ел Тәуелсіздігіне 30 жыл толып отыр. Осыған орай бүгін  аудан әкімі Жандарбек Далабаев Желтоқсан көтерілісіне қатысқан азаматтарды айтулы мерекелерімен шын жүректен құттықтады, деп хабарлайды karasayinfo.kz  желілік басылымы 

 Салтанатты жиында аудан басшысы алдымен желтоқсаншы ардагерлермен танысып, Тәуелсіз азат күніміз жайлы сыр шертіп, ой қозғады. Сөз барысында Жандарбек Ермекұлы ауданымыздың бірқатар мәселелерін алға тартып, оның аясында атқарылатын жұмыстарымен де бөлісті. Осылайша аз-кем орнықты ойлардан кейін аудан басшысы мерекелі күннің кейіпкерлері – желтоқсаншыларды жеке-жеке марапаттап, сый-сияпаттарын тапсырды. Нақтырақ айтқанда, аудандағы 28 желтоқсаншының он тоғызына Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30» жыл мерекелік медалін табыстап, қалған ардагерлерді өз атынан Алғыс хаттармен марапаттады.  Осындай ізгі тілек пен құттықтау сәтінен кейін Желтоқсан көтерілісіне қатысушы Сәкен Шаймолдаев сөйлеп, келе жатқан Тәуелсіздік мерекесімен барлығын құттықтады.

Азаттықты ту етіп, егемен ел болсақ деп намыс отын алаулатқан мұндай жүректі қаһармандарымыз әрдайым құрметке лайық деп ойлаймыз.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях