«CES for You» орталығы Бекболатта ашылды

«CES for You» орталығы Бекболатта ашылды

Озық оқушыларын дайындайтын мектептердің қатарындағы Алматы облысына танымал, талай оқушылардың зейінін ашып, жетістікке жетелейтін «CES for You» орталығының филиалы бүгін Бекболат ауылында ашылды. Салтанатты шараға қатысқан Бірінші Май ауылыдық округі әкімінің орынбасары Хизат Молдыбаев пен «CES for You» білім мектебінің бас директоры Арайлым Қайратқызы ақжарма тілектерін білдіріп, өнерлі жандар өздерінің ән-шашуларын арнады.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Naqty.kz (@naqty.kz)


Айгүл Тәңірбергенова басшылық ететін орталықтың жұмысы 2013 жылы басталған. Осы уақытқа дейін 19 орталығы бар білім мектебі, енді , міне, 20 филиалымен толықты. Біріншімайлықтар осыған дейін шағын тіл үйірмелерінде орын жоқ болғандықтан Шамалған ауылына немесе Қаскелең қаласына барып білім алатын. Тұрғындардың өтініші бойынша ашылған «CES for You» орталығының Бекболат ауылында орналасқан қос қабатты нысанда 350-ге жуық тіл үйренушілерге жағдай жасалған. Оларға қазақстандық университеттерді бітірген, ағылшыншаны жетік меңгерген тәлімгерлер мен практика жүзінде оқушылардың тез дағдылануы үшін шетелдік ұстаздар да білім беретін болады.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях