Сұлтан Бейбарыс туралы комикс шықты

Сұлтан Бейбарыс туралы комикс шықты

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті әлем тарихындағы көрнекті тұлғалардың біріне айналған Сұлтан Бейбарыс туралы комикс шығарды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Аталмыш оқу орнының ресми өкілі Жандар Асанның айтуынша, балабақша тәрбиеленушілері мен мектеп оқушыларына арналған комиксте қайраткер өмірінің әр кезеңі жеңіл тілмен жазылып, бейнеленген. Тұңғыш рет қолға алынған бастама «Ұлы даланың ұлы тұлғалары» сериясы бойынша жарық көріп отыр. Идея авторы — Қыздар университетінің ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Гаухар Алдамбергенова. Шығармашылық топ құрамында оқу орнының ғалымдары мен студенттері бар.
Шығармашылық ұжым алдағы уақытта аталған серия бойынша қазақ тарихында өзіндік дара орны бар тұлғалар туралы тағы да бірнеше туындыны шығару жоспарланып отырғандығын айтады.
«Ұлы даланың ұлы тұлғалары» комикстер сериясы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің жанындағы «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінде дайындалып, туындылар еліміздің балабақшалары мен мектептеріне таратылу жоспарланған.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях