Өрт сөндірушілер тактикалық оқу-жаттығу өткізді

Өрт сөндірушілер тактикалық оқу-жаттығу өткізді

Бүгін аудан орталығанда орналасқан Қаскелең қаласының облыстық зерде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернатта орын алған шартты өртті сөндіру бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Алдын ала өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жоспарланған іс-шараға облыстық төтенше жағдайлар департаментінің жедел күштер мен құралдарды жедел басқару орталығы мен аудандық төтенше жағдайлар бөлімі, Қаскелең қаласы, Ұзынағаш, Боралдай ауылдарының өрт сөндіру бөлімдері мен жедел жәрдем, полиция, «Ж Каскелен» ЖШС сумен қамтамасыз ету мекемесінің қызметкерлері, жалпы 40-тан астам адаммен 8 техника күші жұмылдырылды.

Алдымен жаттығу барысында мектеп-интернаттан барлық оқушылар мен ұстаздар эвакуациялық шығу жерлерінен сыртқа шығарылып, шығу есіктерінің өткізу мүмкіншілігі тексеріледі. Мұнан кейін өрт сөндірушілер ғимараттын ішіне кіріп, тексеру жұмыстарын жүргізді. Оның барысында мекеменің ішінде қалып қойған екі оқушы құтқарылып, медициналық қызметкерлерінің қолына тапсырылды. Ал, қалған топ мүшелері өртті сөндіру жұмыстарын жалғастырып, оны тыңғылықты дайындықтын арқасында аз уақыттың ішінде сөндірді.

Жалпы шара барысында қатысқан барлық бөлімшелер алға қойылған міндеттерді орындап, өткізілген тактикалық-арнайы оқу-жаттығудың мақсатына жетті.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях