Қарасайлық балалар дельфинарийға тегін барды

   Қарасайлық балалар дельфинарийға тегін барды

Бүгін қарасайлық 20 бала Алматы қаласындағы дельфинарийға тегін баруға мүмкіндік алды. Аталған шара 15 мамыр Отбасы күніне орай Қаскелен қаласының үкіметтік емес ұйымы болып саналатын «Azamatsha.kz» қоры демеушілердің қолдауымен ұйымдастырды, – деп хабарлайды naqty.kz желілік басылымы.

Балдырғандардың қуануына кіру билетін ұсынған «Немо» дельфинарий орталығының себепкер болды.  Сонымен қатар «Amanat» партиясы Қарасай аудандық филиалының төрағасы Қаныбек Айтжановтың қолдауымен балалардың барып келуіне тегін автобус берілді. Шоудан басқа, кішкентай бүлдіршіндерге тәттілер мен шырындар ұсынылды. Қайырымдылық шарада балалардың асыр салып, қуанышқа бөленгенін бара жатқандарын  көрген аналар да ризашылықтарын жеткізді.

Естеріңізге сала кетейік, «Azamatsha.kz» қорына әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы отбасылардан шыққан 200-ден астам адам тіркелген. Қор басшысы Мадина Саутбекованың айтуынша, алдағы уақытта демеушілердің қолдауымен басқада іс-шараларды ұйымдастыру жоспарлануда.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях