Киокушинкай-кан каратэ спорты елімізге енгеніне аз уақыт болсада бұл спорт түрі елімізде кең қанат жайып келеді. Осындай айқын бағытта саламатты өмір салтын сақтау мен дамыту мақсатында Қаскелең қаласы Алтын ауыл мектебінде жуырда киокушинкай-кан каратэ спорт түрінен жасөспірімдер арасында «Ақ белбеу – 2018» атты ашық біріншілігі өтті.
Турнирге Алматы облысының 13 спорт клубынан 200-ден астам каратэшілер қатысты. Сайыстың негізгі мақсаты Алматы облысында Киокушинкай-кан каратэ спортын танымал ету, Болашақ ұрпақты патриоттық сезімге тәрбиелеу және аудандар мен қалалар арасында байланыс орнату. Сондай-ақ, каратэге жаңадан келген спортшылардың шеберлігін шыңдау.
[su_custom_gallery source=»media: 6434,6433,6432″ limit=»100″ link=»lightbox» width=»150″ height=»150″ title=»never»]
Жарыс қорытындысы бойынша жалпы командалық есеппен жүлделі бірінші орынды Қаскелен қаласындағы «Батыр Бала» спорт клубына бүйырды. Екінші орынды Тұздыбастау қаласындағы «Беркут» спорт клубы алса, үшінші орынды Алматы қаласының Б.Кабулова атындағы спорт клубы иеленді. Ашық турнир соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлерге медальдар мен дипломдар табысталды.