Ерекше кәсіпті дамытуда

Ерекше кәсіпті дамытуда

Мемлекет ұсынған қайтарымсыз гран арқылы ерекше бизнесті қолған алған жанның бірі – 5 қыздың анасы, Жамбыл ауылының тұрғыны Лаура Салимбаева. Мемлекеттік бағдарламаның игілігін көрген ол бүгінде өмірлік жары Ербосын екеуі бел-омыртқаға пайдалы матрас дайындаумен айналысады, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.
Көп балалы ана бұл кәсіпті өмірлік жары Ербосын Жаманқұлов екеуі өрге бастырып, дамыту үстінде. Ерлі-зайыптылардың мұндай істі бастауы кездейсоқ болмаған. Қыздары жайлы жатып, жақсы тұру үшін матрас іздеп, бірақ оның сапалы түрін әрі тиімді бағада таппаған. Талай жерді аралап көрген соң, бұл қажет дүниенің таптырмас екенін түсініп, оны өздері жасап шығаруды ойға алыпты. Қолда бар қаражатпен керек-жарақты алып, матрас өнімін дайындауды үйренгенімен, оны сапалы әрі ыңғайлы болуы үшін басқа да арнайы құрылғылар қажет болған. Осы ретте кәсіпкерлердің бизнесін дамытуға мемлекет ұсынатын қайтарымсыз гранттың септігі тиген. Лаура Елісқызы көп балалы ана ретінде осы жобасын ұсынып, грантқа үміткер ретінде бағын сынаған.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях