Аудан белсенділері марапатталды

Аудан белсенділері марапатталды

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында бүгінгі таңда көптеген іс-шаралар мен жобалар іске асырылып жатыр. Солардың бірегейі ретінде тамыз айының 28-31аралығында Қазақстан халық Ассамблеясының ұйымдастыруымен өткен халықаралық «Бірлік» жастар лагерін айтуға болады. Бұл шараның мақсаты шет елден келген жастарды қазақтың салт-дәстүрі мен халқымыздың бай мұрасымен таныстыру. Сондай-ақ лагерьде «100 жаңа есім» атты жобаның жеңімпаздары жас жеткіншектермен кездесіп, олармен өздерінің жетістіктерімен бөлісіп, биік белесті бағындыру жолдарын айтты. Осы іс-шараның ұйымдастыруға біздің ауданымызда белсене араласып, үлкен үлес қосқан болатын.

Осыған орай, кеше аудан әкімінің орынбасары Айжан Назарбаева бастаған ауданымыздын бірқатар белсенділеріне іс-шараға ат салысқандарына алғыс айтылды. Нақтырақ айтсақ, қайырымдылықты, рухани бірлікті, достық пен этносаралық ыңтымақтастықты нығайтудың гуманистік мұраттарына қосқан белсенді еңбетері үшін Қазақсатан халқы Ассамблеясы төрағасының бірінші орынбасары Л. Прокопенканың громатасы табысталды.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях