Қарасайлық спортшы әлем чемпионатына жолдама алды

Қарасайлық спортшы әлем чемпионатына жолдама алды

Жас қарасайлық Диана Пивцова қоян-қолтық ұрыстан әлем біріншілігінде бақ сынайтын болды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.

Жуырда Талдықорған қаласында жекпе-жек сайысы бойынша жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты өтіп, оған еліміздің әр түкпірінен 400-ге жуық спортшы қатысты. Жас үздіктердің негізгі мақсаты – осы жарыста топ жарып, әлем біріншілігіне жолдама алу.

Қоян-қолтық ұрысты серік еткен бұл додаға облыстық іріктеуден өткен, Жамбыл орта мектебінің дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Бауыржан Баймұхамбетовтың бес шәкірті де қатысты. Түрлі салмақта сынға түскен жастардың қатарында Макамбай Акбаров (65 кг), Билял Ахаев (75 кг), Диана Пивцова (50 кг) және аса ауыр салмақта (+80 кг) Мейірлан Болатқан мен Әділ Алтынбек сияқты мақтаныштарымыз жекпе-жектің алаңы – татамиде күш сынасты. Ел чемпионатында осы жас спортшылардың ішінде Диана Пивцова өзгелерден оза шауып, әлем чемпионатына жолдаманы қанжығасына байлады. Жекпе-жектен басқалардың бағы жанбаса да, жоғары деңгейде ойын өрнегін көрсете білді. Әсіресе, ауыр салмақта сынға түскен Әділ Алтынбек ширек финалда әлем чемпионы Дмитрий Макаренкоға лайықты қарсылас болып, бір ұпай айырмасымен ғана жол берді.

Байрақты бәсекеде бағын сынайтын Диана Пивцова енді елдің намысын Өзбекстанда өтетін әлем біріншілігінде қорғайтын болады. Оның тәлімгері Б.Баймұхамбетовтың айтуынша, мектептің де, ауданның да атын шығарып жүрген Диана түрлі жаттығулардың арқасында бір жыл ішінде осындай дәрежеге жетіп отыр. Бауыржан Орақұлы шәкірттерінің түрлі додаларға қатысуына ықпал етіп, барынша қолдап жүрген аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы С.Қамзановқа, аталған бөлімнің маманы Н.Жұмановқа, мектеп директоры Д.Нақысбековке алғысын жеткізуде. Сонымен қатар, бапкер ауыл жастарының саламатты өмір салтын ұстануға мүмкіндік беріп, спортзал салып берген кәсіпкер Ақгүл Нүсіпбаеваға да ерекше ризашылығын білдірді. Осындай жанашырлар көп болса, ауданның спорт саласы да дами түсетініне сеніміміз мол. Ал, дүниежүзілік арнеаларда Қазақстанның атын әйгілі ететін жас қарасайлық Диана Пивцоваға тек сәттілік тілейміз.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях