СДУ-де саясат және менеджмент орталығы ашылды

СДУ-де саясат және менеджмент орталығы ашылды

Сулейман Демирель атындағы университеттің ректоры Қуаныш Ерғалиевтың бастамасымен оқу орнының базасында денсаулық сақтау саласындағы жүйелі мәселелерді кешенді шешуге бағытталған Денсаулық, саясат және менеджмент орталығы ашылды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.

Университет ректорының айтуынша, бұл орталықтың алдында қазақстандық денсаулық сақтау секторының басқарушыларына білім деңгейін арттыруға және ғылыми-сараптамалық шешімдер ұсынуға арналған шаралар кешенін іске асыру бойынша ауқымды міндеттер тұр. Орталық оқыту және тренингтер, ғылыми зерттеулер жүргізу, қоғамдық денсаулық сақтау мен халыққа медициналық көмек көрсету саласында инновациялар мен технологияларды нығайтуға әрі ілгерілетуге бағытталған кеңес көрсету қызметтері бойынша үш бағытта жұмыс істейтін болады. Оның жұмысына ғылыми қайраткерлер, сарапшылар, медициналық мекемелердің топ менеджерлері, сондай-ақ, көп жылдық тәжірибесі бар кәсіби дәрігерлер тартылады.

– Біздің орталықтың есігі еліміздің денсаулығы мен қауіпсіздігіне бей-жай қарамайтын барлық азаматтар үшін ашық екенін атап өткім келеді. Біз бейінді ведомстволардың, барлық саланың орталық мемлекеттік органдарының өкілдерімен, кәсіпкерлермен, үкіметтік емес ұйымдармен, қоғамдық пікір көшбасшыларымен, БАҚ және басқа да мүдделі тұлғалармен стратегиялық серіктестікке ашықпыз, – дейді Қуаныш Ерғалиев.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях