АӘК алушылар үшін тағы қосымша көмек бар

АӘК алушылар үшін тағы қосымша көмек бар

Ағымдағы жылдың алғашқы айында атаулы әлеуметтік көмектің жаңа нұсқасына сәйкес қосымша жәрдем тағайындылады, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.  

Енді мектеп жасына толмаған баласы бар АӘК алатын отбасыларға ақшалай жәрдемақыдан бөлек,   ақпан айынан бастап азық-түлік пен гигиеналық заттар беріліп тұратын болады.  Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің берген мәліметіне сүйенсек, келесі айдан бастап тоқсанына бір рет қарасайлық 3202 бала жеке күтіміне қажетті заттар алуға тиіс деп бекітілген. Оның ішінде ай сайын азық-түлік себеті 1-3 жас аралығындағы 1268 бүлдіршінге, 3-6 жас аралығындағы 1934 мектеп жасына дейінгі балаларға берілетін болады.

Ол көмек әр балаға жас ерекшелігіне қарай қарастырылған. Мысалға 1-3 жас аралығындағы бүлдіршіндерге табысталатын көмек себетінің ішіне ультра пастерленген 2 литрлік сүт, дәрумендерге толы печенье (180гр), гиппоаллергенді ботқа (320 гр), ұнтақ (700 гр) және жүгері (400 гр) жармалары, сұлы үлпегі (800гр), 10 түрлі езбе (1150) кіреді. Екіншісі 3-6 жастағы балаларға арналған себет, онда кіретін азық-түлік те көбірек екен. Атап айтқанда, 2 литрлік ультра пастерленген сүт, бидайдың қатты сұрыпынан әзірленген макарондардың 2 бумасы (800 гр), арпа (1 кг), ұнтақ (700 гр) және қарақұмық (1600 гр) жармалары, туралған бұршақ (800 гр), күнбағыс майы (0,8), сұлы үлпегі (800 гр), құрғақ таңғы ас (250 гр), дәрумендерге толы печенье (360 гр), тіпті, гемотоген шоколады (240 гр) мен табиғи бал да (200 гр) беріледі.

Ал, үшінші жиынтық дене тазалығына қажетті заттардан құралған. Ішінде тіс щеткасы (1 дана) және пастасы (50 мл), тұрмыстық (400 гр) және иіс (200) сабындар, жақпа май (45 мл), сусабын (200 мл), кір жуатын ұнтағы (800 гр) бар себетті аналар әр тоқсан сайын алып тұрады. Көмекке берілетін тауардың әрқайсысының бағасы белгіленіп, бекітілген. Яғни, азық-түлік себеті 4707 теңгені құраса, жеке күтімге арналған заттар 1750 теңгеге бағаланыпты. Барлық жиынтық қатты қағазбен оралып, жеткізілуі тиіс.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях