Алматыда алимент төлемегендер енді үй қамауында отыруы мүмкін

Алматыда алимент төлемегендер енді үй қамауында отыруы мүмкін

Алматыда алимент төлеуден жалтарып жүргендерді қамауда ұстайтын үй салу жоспарланып отыр. Бұл туралы Алматы әкімінің орынбасары Ерлан Әукенов қоғамдық кеңестің отырысында айтты, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.   

– Бізде алимент төлемейтіндерді 40 күнге дейін қамауға болатын заң бар. Қазір осы мәселені зерттеп, анықтап жатырмыз. Осыдан бір жыл бұрын прокуратураның бастамасымен Сейфуллин көшесіндегі тергеу изоляторы жабылған болатын. Қазір сол ғимаратты қала меншігіне алуды қарастырып жатырмыз, – дейді Е.Әукенов.

Кездесу барысында қоғамдық кеңестің мүшелері Түркісіб ауданындағы кәмелет жасына толмағандарды бейімдеу орталығының ғимаратын алимент төлемейтіндерге арналған үйқамақ ретінде пайдалану жөнінде ұсыныс жасады. 10-15 адамға арналған аталмыш нысан қазіргі таңда бос тұр.   Алматы әкімінің орынбасары бұл ұсынысты қарастыруға уәде берді

 

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях