ӨСКЕМЕНДЕ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМІР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

ӨСКЕМЕНДЕ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМІР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

Өскемен қаласы әкімдігі мен «Қара жыра» АҚ әлеуметтік бағамен көмір тасымалдау туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы Altaynews сайтына сілтеме жасап.

Биыл Өскемен қаласына 40 мың тонна әлеуметтік көмір бөлініп, оның алдағы жылыту маусымға 8450 теңге бағасы да бекітілді. Бұл баға нарықтағы бағадан 500 теңгеге арзан болғанымен, жеткізіп беру қызметі 3000-6000 теңгеден аспайтын болады. Әлеуметтік әлсіз топқа бөлінген осыншама көлемді көмірдің бөлінуін тұрғындар тарапынан сұраныстың артуымен байланыстыруға болады.

– Көмірлерді жеткізу жұмыстарын да күзге қалдырмай, бүгіннен бастағанды жөн көрдік. Ол үшін арнайы техника мен жалғызбасты жандардың көмірін қораларына тасып беретін еріктілер де ұйымдастырылған, – деп атап өтті Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар.

Ал, «Қара жыра» АҚ директоры Марғұлан Макишев биыл әлеуметтік көмір жеткізу барысында кедергілер болмайтындығын және де күніне әр қоймаға 10 вагоннан жөнелтілетінін жеткізді.

– Тұрғындар да қазірден қамданып, кезектері келсе күзге дейін көмірді сатып алса деген тілегіміз бар. Күзде коммерциялық көмірге деген сұраныс артады. Ал біздің теміржолдар көмірдің үлкен көлемін жөнелтуге қауқарсыз. Ұзын сонар кезек пен қарбалас осыдан туындайды, – дейді кәсіпорын басшысы.

Сондай-ақ, «Қаражыра» АҚ басшысы биыл кәсіпорын көмірді көбірек өндіретіндігін (9 млн.тонна), алайда көлемнің сапаға кері әсер етпейтіндігін атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, әлеуметтік көмір тұрмысы төмен және көп балалы отбасылар мен зейнеткерлерге, Ұлы Отан соғыс ардагерлеріне, Чернобыль апатының салдарын жоюға қатысқандарға, 1 және 2 топтағы мүмкіндігі шектеулі жандарға беріледі. Әлеуметтік көмірдің тізіміне тұру үшін жергілікті өзін-өзі басқару комитетіне жүгіну қажет.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях