Көп балалы аналар мен мүмкіндігі шектеулі жандардың несиелері азайтылады

ҚР Презинденті Қасым-Жомарт Тоқаев несие алған көп балалы аналар мен мүмкіндігі шектеулі адамдардың қарызын азайтуды тапсырды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылардың несиелік қарыздарын азайту жөніндегі жарлыққа қол қойды. Аталмыш қаулының қысқаша түсіндірмесі.

Бұл көмекті кімдер ала алады?

Әлеуметтік тұрмысы төмен топтағы азаматтар (көпбалалы отбасылар, мүгедек балалары бар отбасылар, жалғыз асыраушысынан айрылған отбасылар, атаулы әлеуметтік көмек алатындар, жетім балалар) ғана несиелік қарыздары кешіріледі.

Азайтылатын қарыздың мөлшері?

Тікелей және атаулы қаржылай көмек ретінде жоғарыда аталған санаттағы азаматтар үшін мемлекет екінші деңгейлі банктер мен шағын қаржы ұйымдарынан алынған жалпы мөлшері 300 мың теңгеге дейін негізгі несиені және оған есептелген сыйақыны өтейді. Алайда олардың 2019 жылдың 1 маусымына дейінгі қарыздарының жалпы көлемі 3 млн теңгеден аспауы тиіс.

Жоғарыда аталған санатқа кірмейтіндерге бұл өзгерістерден не пайда?

Осы жылдың 1 шілдесіндегі мәлімет бойынша кепілсіз несиесі бар қалған барлық азаматтар үшін есептелген айыппұлдар мен төлемақы өсімдері кешіріледі. Жеке тұлғалардың 90 күннен астам мерзімі өткен барлық кепілсіз қарыздарына байланысты айыпақы, комиссия және өзге де төлемдер есептеуге тыйым салынатын болады.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях