Табыс көзі төмен адамдарға несие берілмейді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев табысы күнкөріс деңгейі көрсеткішінен төмен азаматтарға несие беруге тыйым салу керектігін айтты, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Кемелұлы мұндай шара табыс көзі өмір сүру деңгейінің көрсеткіштері аз адамдардың қаржылық жағдайларын одан ары төмендетпеу үшін қабылдануы қажет екенін айтып өтті.

– «Тұтынушылық несиелермен қалыптасқан жағдай одан әрі қайталанбауы тиіс. Ұлттық банк реттеушілік сипаттағы қатаң шаралар қабылдауға, қаржы ұйымдарының жауапкершілігін күшейтуге міндетті. Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен азаматтарға одан әрі жағдайдың нашарлануына және қаржылық жағдайды болдырмау үшін қарыз беруге тыйым салу қажет», – деді Тоқаев.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях