Көп балалы және аз қамтылған отбасындағы балаларға қосымша гранттар бөлінді  

Көп балалы және аз қамтылған отбасындағы балаларға қосымша гранттар бөлінді   

Көп балалы және аз қамтылған отбасылардың балаларына 5 мың білім гранты бөлінеді. Бұл туралы бүгін Ақ Ордада БАҚ өкілдеріне ҚР Президентінің сыйлықтары мен гранттарын табыстау рәсімінде  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы  ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.  

– Биылғы жылдың 1 қыркүйегінде аз қамтылған және көп балалы отбасылардың балалары үшін жоғары оқу орындарына қосымша 5 мың білім гранты бөлінетін болады. Әзірше  5 мың, одан кейін бұл жүйе жұмыс істейтін болса, көре жатармыз,  – деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.

Мемлекет басшысы бұл жұмыстың маңызды элементі әлеуметтік аз қамтылған халықтың ішінен талантты балалар мен жасөспірімдерді оқыту және жоғары оқу орындарына түсуге дайындау жүйесі болатындығын баса айтты.

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях