Рамазан айында мұсылман қауымы ауыз бекітіп, сауапты істерді мейлінше көп жасауға асығады. Жаман әдеттерден өзін аулақ ұстап, көршілерге жәрдем, мұқтаждарға садақа- зекет беруге тырысады. Солардың қатарында ізгілікткті ту еткен ауданымыздың «Жасыл ел» жасақшылары да бар. Олар бүгін Қаскелең қаласындағы «Лабақ ата» мешітіне барып, ауласына, ішіне тазалық жұмыстарын жасады. Сонымен қатар, ауызашарға дайындыққа қол ұштарын созып, үлестерін қосты.