COVID-19: 1000 адам індет жұқтырды

COVID-19: 1000 адам індет жұқтырды

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус індеті 1000 адамнан анықталды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Науқастар мына өңірлерде тіркелді: Нұр-Сұлтан қаласында — 203, Алматы қаласында — 138, Шымкент қаласында – 31, Ақмола облысында – 59, Ақтөбе облысында — 16, Алматы облысында — 40, Атырау облысында — 55, Шығыс Қазақстан облысында — 65, Жамбыл облысында — 17, Батыс Қазақстан облысында — 97, Қарағанды облысында — 142, Қостанай облысында — 36, Қызылорда облысында — 6, Маңғыстау облысында — 20, Павлодар облысында — 48, Солтүстік Қазақстан облысында — 11, Түркістан облысында — 16.

Айта кетейік, 7 маусым күні коронавирус 768 адамнан анықталған болатын. Ал, 6 маусымда індеттің жаңадан 989 жағдайы тіркелді. 5 маусымда 1 191 адам сырқаттанды. Пандемия басталғалы Қазақстан бойынша 396 832 адам індетке шалдықты.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях