Ақ желеңділер арасындағы спартакиада

Ақ желеңділер арасындағы спартакиада

Жуырда медицина қызметкерлерінің  күніне орай, Үшқоңыр ауылындағы Әуезов мектебінің  спорт алаңында ақ халаттылардың арасында спартакиада  өтті. Бәсекеге Қарасай аудандық  орталық  ауруханасына қарасты Үшқоңыр және Жаңа Шамалған ауылдық  ауруханалары, дәрігерлік  амбулаториялардың  қызметкерлері жиналып, олардың сайысын ауданның бас дәрігері Ербол Сарсенбаев ашты.

Жылда ұйымдастырылатын сайысқа бұл жолы спорттың өзге түрлерімен қатар ұлттық ойын саналатын арқан тарту қосылды. Жалпы, жарыс қатысушылары мини-футбол, үстел үстіндегі ойындар, армреслинг, жеңіл атлетика бойынша бақ сынасты. Ал, аудандық  білім  бөлімінен келген  төрешілер жарысты әділ бағалап, жеңімпаздарды анықтап жатты. Бұдан бөлек, басқосу барысында медицина қызметкерлеріне қолдау көрсетіп, құттықтау үшін „Жәрдем„ колледжінің студенттері тамаша флеш-моб көрсетсе, Қарасай  батыр  мектебінің өнерпаздары оларға әннен шашу шашты.

Сонымен, нәтиже бойынша мини футболдан сегіз команданың ішінен 1-ші жүлделі орынды „Жедел жәрдем„ командасы иемденсе, 2-орынды Үшқоңыр ауылдық  ауруханасының  командасы қанжығасына байлады. Үштіктің 3-ші орыны болса, орталық аурухана бөлімшелерінің құрама  командасына бұйырды. Ал, арқан тартудан Алмалыбақ амбулаториясының ойыншылары барлығынан басым түсіп, жеңіс тұғырына шықты. Әйелдер арасында 45 медбике қатысқан жеңіл атлетикадан Қошмамбет амбулаториясының медбикесі Гүлшат Мадринова жүйрік атанды. Армрестлингтен ерлер арасында жүлделі орынды жедел жәрдем бөлімінің фельдшері Мамыр Юлдашев тақымдаса, ал, әйелдер арасында жеңіс Қошмамбет амбулаториясының медбикесі Мухаббат Даулетмуратованың қоржынына түсті. Ең соңғы сайыс, үстел үстіндегі ойын бойынша Үшқоңыр ауруханасының медбикесі Айсанам Мухамеддинова барлығын шаң қақтырып, чемпион атанды. Өте тартысты да қызықты өткен спартакиаданың қорытынды кезеңінде аурухананың  кәсіподақ ұйымының төрайымы Сауле Малгараева мен саламатты өмір салтын қалыптастыру кабинетінің дәрігері Дана Таждинова қатысушыларды дипломдармен марапаттап, бағалы сыйлықтар тарту  етті. Жалпы, бұл бәсекеге барлығы 250-ге жуық ойыншы қатысып, мерекелік шарадан көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях