Ұрпақ ұмытпайтын Ұлы Жеңіс ұлықталды (Видео)

Ұрпақ ұмытпайтын Ұлы Жеңіс ұлықталды (Видео)

Бүгінгі 9 мамыр – Жеңіс күнін күллі Қарасай жұртшылығы зор ықыласпен, құрметпен атап өтті, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Ұлы Жеңістің 78 жылдығын ұлықтау мерекесі аудан орталығында орналасқан Мәңгілік алау мен даңқы ескерткішке гүл кою рәсімімен басталды.

Алдымен аудан тұрғындары ел тәуелсіздігі мен бейбіт күн үшін арпалысқан, сонау отты жылдарда қаза тапқан батыр жерлестерімізді бір минут үнсіздікпен еске алды. Одан кейін аудан басшысы Жасұлан Естенов қарасайлықтарды Жеңіс күнімен құттықтап, тарих бетінде мәңгі таңбаланған айтулы күннің маңыздылығына тоқталды.

Ізгі тілектен кейін Қарасай ауданының әкімі Жасұлан Тоққожаұлы осы іс-шараға арнайы қатысқан ҚР Парламентінің сенат депутаты Жанболат Жөргенбаевпен Мәңгілік алау маңына гүл қойып, даңқты ескерткішке құрмет білдіріп, қан майданда от кешкен батыр бабалардың рухтарына тағзым етті.

Жеңіс күніне арналған мерекелік шараның легі аудандық Мәдениет үйінің алаңында жалғасын тапты. Қарасайлықтар осы жерде бас қосып, соғыс жылдарынан сыр шерткен концерттік бағдарлама куә болды.

Айтулы шараның барысында спорттық ойындар ұйымдастырылып, аудан өнерпаздарының өнері көпшілікке ұсынылды. Соғыс ауыртпалығы бейнеленген сахналық көріністер қойылып, майдан даласына арналған және бейбіт күнді дәріптейтін әуезді әндер шырқалды.

Айта кетейік, бүгінгі мерекенің аясында Жеңістің 78 жылдығын бірге атап өтіп жатқан Чайке Ыдырысов, Адиш Абдраимов және Павел Половой сынды үш қарасайлық ардагерлерге лайықты құрмет көрсетілуде. Аудан әкімі бастаған басқа да лауазымды тұлғара ардагерлердің үйіне арнайы барып, сый-сияпаттарын табыстауда.

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях