Райымбек округінің тұрғындары үш бірдей көшеде асфальттың жоқтығына наразы

Райымбек округінің тұрғындары үш бірдей көшеде асфальттың жоқтығына наразы

Райымбектегі Бұлақты ауылының тұрғындары 10 жылдан бері жөні түзу жолға жарымай келеді. «Айтқанымыз қараусыз қалды» деген олар округ әкімдігіне қапалы. Айтуларынша, ауылдағы Еламан, Аламан, Елтай көшелері біраз жылдан бері әлі де жасалмаған. Жазда топырақ, көктем мен күзде балшық, қыста көктайғақ. Тұрғындар өз тараптарынан бірнеше рет ақша жинап, тас төккен, алайда ол жұмыстардың нәтижесі ұзаққа бармаған.

Округ әкімінің орынбасары Қуаныш Қожахметовтың айтуынша, тұрғындардан бұл көшелерге байланысты бірнеше рет арыз түскен. Соны назарға ала отырып, олар 2022 жылы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын-үй инспекциясы бөліміне өтініш берген. Ал аудандық бөлім өз тарапынан облысқа барлық қажетті құжаттарды дайындап, өткізіп қойған. Бүгінде облыстан қаражат бөліну күтілуде.

Ақша бөлінсе бірден жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях