«Педагогтар мәртебесі» заң жобасы ертеңнен бастап күшіне енеді  

«Педагогтар мәртебесі» заң жобасы ертеңнен бастап күшіне енеді   

«Педагог мәртебесі туралы» заң жобасы  11 қаңтардан бастап күшіне енді, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Хабар24 сайтына сілтеме жасап.

Заң жобасында ұстаздарға көптеген  жаңашылдық қарастырылған. Біріншіден, 2020 жылы жалақыны 25 пайызға өсіру және төрт жыл ішінде екі есе арттыру көзделген. Екіншіден, мұғалім өз міндетіне жатпайтын функцияларға тартылудан қорғалады. Сонымен қатар, енді педагогтерді әскери қызметке шақыру кейінге қалдырылады.  Үлгілік оқу жоспарлары төмендеуі есебінен 2021 жылдан бастап оқу жүктемесінің 18 сағаттан 16 сағатқа дейін төмендейді. Енді бұдан кейін ұстаздардың балаларына тұрғылықты жері бойынша мектепке дейінгі ұйымдарға бірінші кезекте орын беріледі. Сонымен қатар, аталған заң аясында мұғалімдердің  қосымша жұмыстары ақы төленеді.  Нақтырақ айтқанда, тәлімгерлік үшін – 1 базалық лауазымдық жалақы, яғни 17 мың теңге төленеді. Педагогикалық шеберлігі үшін лауазымдық жалақыдан 30 бен 50 пайыз аралығында жаңа қосымша ақы енгізіледі.  Халықаралық конкурстар мен жарыстардың жеңімпаздарына түрлі олимпиадалар мен спорттық жарыстардың лауреаттарын дайындаған педагогтерге үш лауазымдық жалақыға дейін біржолғы сыйақы төленеді.   Магистр дәрежесі бар ұстаздарға 10 АЕК мөлшерінде қосымша ақы енгізілмек.   Сонымен қатар, педагогтер сынып жетекшілігі және дәптер тексергені үшін қосымша ақы алады.   Мектеп директорлары мен олардың орынбасарларына білік санаты үшін жалақы арттырылады.  «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағы үшін педагогтерге 1000 АЕК мөлшерінде біржолғы сыйақы төленеді.

Мектепке дейінгі тәрбиешілерінің еңбек демалысын кезеңі 42 күннен 56 күнге ұзарту көзделген. Мектепке дейінгі ұйым ұстаздарының педагогикалық шеберлігі үшін лауазымдық жалақыдан 30 бен 50 пайыз аралығында жаңа қосымша ақы енгізіледі. Бұл санаттағы мұғалімдердің балаларына мектепке дейінгі ұйымдарға бірінші кезекте орын беру мүмкіндігі қарастырылған.  Сонымен қатар, мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтеріне де 2020 жылы жалақысы 25 пайызға өсіп, төрт жылдың ішінде екі есе арттырылады.

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях