Қазақстаннан Ресейге тағы бір тікелей рейс ашылады

Қазақстаннан Ресейге тағы бір тікелей рейс ашылады

22 қыркүйектен бастап Ақтөбе — Қазан бағытында жаңа рейс ашылады, — деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ақтөбе мен Қазан арасындағы әуебайланысты «Qazaq Air» әуе компаниясы аптасына 1 рейспен орындайтын болады. Ресеймен арадағы рейстер санының одан әрі ұлғаюы эпидемиологиялық жағдайға, Ведомствоаралық комиссияның және Ресей Федерациясының тиісті мемлекеттік органдарының шешімдеріне байланысты болады.

«31 тамызда Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі — Ведомствоаралық комиссия) кезекті отырысына Қазақстан мен Ресей арасындағы рейстер санын ұлғайту мәселесі шығарылды», – делінген хабарламада.

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях