Парламенттік оппозицияға кепілдік беретін қадамдар мақұлданды

Парламенттік оппозицияға кепілдік беретін қадамдар мақұлданды

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» ҚР Конституциялық заңына толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заңының жобасы мақұлданды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

– Аталған заң жобасы Президенттің Ұлттық қоғамдық кеңестің отырысында «парламенттік оппозиция» институтын заңнамалық бекіту туралы тапсырмасын орындау мақсатында дайындалды. Мемлекет басшысының аталған тапсырмасын пайдаланып, «Ақ жол» партиясы алдын ала дайындаған парламенттік оппозиция туралы заң жобасын қазіргі жағдайдың талаптарына сәйкес қайта жаңартты. Заң жобасы фракция депутаттарының сапарлары барысында жергілікті және ұлттық деңгейінде сайлаушылардың, ғалымдардың әрі саяси қоғам өкілдерінің талқылауынан өтті, – деді Мәжілісінің депутаты Азат Перуашев.

Бұл жобаның негізгі мақсаты – қолданыстағы заңнамада «парламенттік көпшілік» және «парламенттік оппозиция» ұғымдарын бекіту бойынша құқықтық негіздерді қамтамасыз ету. Мәселен, парламенттік оппозицияға қандай да бір мәселе бойынша өз ұстанымын білдіруге кепілдік беру мақсатында заң жобасында саяси партиялар фракциялары басшыларының Парламент Палаталарының бірлескен отырыстарында, Парламент Мәжілісінің жалпы отырыстарында, тұрақты комитеттердің, жұмыс топтарының отырыстарында, парламенттік тыңдаулар мен өзге де іс-шараларда сөз сөйлеуге кепілдік берілген құқығын бекіту көзделеді.

Заң жобасымен парламенттік оппозицияға Парламент Мәжілісінің регламентінде көзделген тәртіппен күнтізбелік жылда кемінде бір парламенттік тыңдау өткізуге бастамашылық жасау, сондай-ақ, парламенттік сессияда кемінде екі рет «үкімет сағаттарының» күн тәртібін айқындау құқығы беріледі.

– Меніңше, бұл норманың басқа нормалармен салыстырғанда үлкен айырмашылығы бар. Енді заң деңгейінде парламенттік оппозиция кемінде бір рет осы біздің парламенттік тыңдауға бастамашы болуына мүмкіндік береді. Ол бұрын болмаған, сондықтан бұл қадам маңызды, – деді Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях