«Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» акциясы аясында

«Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» акциясы аясында

Аудандық Полиция басқармасы мен қарасайлық жастар отбасындағы құндылықты дәріптейтін акция өткізуде, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы.

Қоғамдағы отбасының рөлін күшейту мақсатында осы айдың 15-нен бастап аудандық Полиция басқармасы бастамасымен «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» атты акция жүргізілуде. Бүгін аталмыш басқарманың жергілікті полиция қызметі әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының атынан оның аға инспекторы, полиция майоры Эльмира Есенбаева аудандық Жастар ресурстық орталығымен бірлесіп, акция аясында түсіндірме жұмыстарын атқарды. Олар Қаскелең қаласы бойынша түрлі нысандарды аралап, тұрғындарға отбасының құндылықтарын насихаттайтын нұсқаулық қағаздарды таратты. Тілдескен адамдармен сұрақ-жауап арқылы қажетті ақпаратттарын да жеткізді.

Тұрмыстық зорлық-зомбылықты ескертуге және алдын алуға, ана мен баланың құқығын қорғауға бағытталған облыс көлемінде өткізілетін бұл акция осы айдың 18-не дейін жалғасатынын айта кеткен жөн. Қосымша сұрақтар жөнінде Алматы қаласы, Дағдарыс орталығының «150», 8(727)3464037 және аудандық Полиция басқармасының «102» немесе 8(72771) 2-35-64 сенім телефон нөмірлеріне хабарлассаңыздар болады.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях