Пробация қызметінің есебінде тұрғандар тазалық жұмыстарына атсалысуда

Пробация қызметінің есебінде тұрғандар тазалық жұмыстарына атсалысуда

Аудандық пробация қызметінде есепте тұрғандар аудан тазалығына өз үлестерін қосып, қоғамдық жұмыстарға атсалысып, әр аймақта тазалық жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Биылғы жылдың соңғы 10 айында аудандық пробация қызметінің мәлімдеуінше, аталмыш органның есебінде тұрған ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыс жасаған 45 тұлға қоғамдық жұмыстарға тартылып, округтердегі тазалық жұмыстарына атсалысып, өз үлестерін қосуда.

Сонымен қатар, 4 тұлға тағайындалған жазаларын тұрғылықты жерлері бойынша әкімдікте өтеп жүр. Шарт талаптарына сәйкес, әкімдік атқарушы орган ретінде пробациялық бақылау қызметінің қарауында жүрген тұлғаларды қоғамдық жұмыстарға тартады, сондай-ақ, жұмыс істеген уақыттың табелін жүргізіп, пробациялық бақылау қызметіне жазаны өтеушілердің жүріс-тұрысы, жазаны өтеуден бас тартқандары туралы ақпарат беріп отырады. Бұл сотталғандардың еңбегін қоғам игілігіне пайдалануға мүмкіндік береді.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях