Округ әкімі лауазымына үміткерлер таныстырылды

Округ әкімі лауазымына үміткерлер таныстырылды

Іргелі ауылдық округі әкімі лауазымына үміткер азаматтар таныстырылды, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы.

Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы нөмірі 148 заңының 36-1 бабына сәйкес Іргелі ауылдық округі әкімі Қадірбек Атшабаровтың басқа лауазымға ауысуына байланысты, өкілеттігі бір ай бұрын тоқтатылған болатын. Осыған орай, аумақтық сайлау комиссиясы аталмыш әкімдікке жаңадан сайлауды 2019 жылдың 6 қарашасына тағайындау туралы шешім шығарды.

Бұл басқосуда, ең алдымен, аудан әкімінің орынбасары Алмасбек Әшімбай таңдалған үміткерлерді Іргелі ауылдық округінің тұрғындарына таныстырудан бастады. Кандидаттар қатарында үш азамат сайлауға ілінбек. Атап айтсақ, бүгінде осы округ әкімінің орынбасары қызметін атқарып жүрген Абылай Ысқақов, одан кейін аудандық ауылшарушылық бөлімінің басшысы Сырым Жарқымбаев пен Бірінші Май ауылдық округінің әкімі Елдос Мұқатаев. Бұл азаматтардың еңбек жолы жайлы жиналғандарға толық ақпарат беріліп, өмірбаяндары танысты­рылып, барлық талаптарға сай екендігі жеткізілді. Ал, басқосу соңында іргелілік тұрғындардың атынан ақсақал Төлеу Тютебаев сөйлеп, үміткерлерге округтың гүлдене түсуі үшін бар күш-жігерлерін салу керектігін айта келе, жұмыстарына табыс тіледі.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях