Жергілікті басқаруға арналған семинар

Жергілікті басқаруға арналған семинар

Бүгін Қарасай аудандық әкімдігінде қала, ауылдық округ әкімдеріне, орынбасарларына және мамандарына арналған семинар өтті. Қазақстан Республикасында жергілікті өзін- өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2013- 2020 жылдарға іс- шаралар жоспарына сәйкес ұйымдастырылған бұл бас қосуда ақпараттық- түсіндіру тобы баяндама жасады. Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Дулат Сансызбаев жүргізген жиында атап айтқанда, салық мәселесі төңірегінде мемлекеттік кірістер басқармасының жеке тұлғалардан түскен ақпараттарды қабылдау және өңдеу бөлімі басшысының міндетін атқарушы Төлеген Рахметов, кассалық қызмет көрсету жөнінде қазынашылық басқармасының бас маманы Айнұр Абизова, мемлекеттік сатып алу бойынша тұрғын үй — коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы Фируза Кудеярова, аталған бөлім маманы Толқын Аязбекова және кіріс- шығыстардың есебін жүргізу жайлы қаржы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Тоты Каримова қысқаша түсіндірме берді.

Жиналысқа қатысушылар өздеріне түсініксіз тұстарын сұрап, тиісінше жауап алды. Сондай- ақ, жиынға келгендер өз ойларын ортаға салып, кейбір мәселелерде жеке кеңеске жүгінетіндіктерін жеткізді. Өз кезегінде Дулат Мұратұлы қорытынды баяндамасын жасап, алдағы жылдардың бюджеттік жоспарымен таныстырып, бас қосуды түйіндеді.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях