Оқырман көтерген сұраққа жауап

Оқырман көтерген сұраққа жауап

Жуырда Қыдыр Абдибаев атты оқырманымыз  біздің басылымға Қаскелең қаласындағы көшелердің  бойындағы шамдардың  кешкі уақытта  ерте жанып, ал, таңертеңгілік толықтай жарық болғанда бірақ өшірелетіні туралы мәселе бар екендігі  жайлы айтқан болатын. Оған қоса «Алматы-Бішкек» күре жолындағы тарихи тұлға Наурызбай батырдың ескерткішінің жан-жағында шамдардың тұрғанымен олардың жанбайтыны туралы да ақпар берді. Ауданымыздағы көрікті жері саналатын бұл орынға келген қонақтарға кешкілік уақытта мүлдем көрсете алмайтыны, әрине, қынжылтады. 40 жылға жуық энергетик болып істеген Қыдыр ағамыз,  бұны  шағым ретінде емес өзінің тұрған өңіріне жаны ашығандықтан көтеріп отырғандығын тілге тиек етті.

Тұрғынымыздың көкейіндегі алаңдатқан сауалды  біз Қаскелең қаласының әкімі Асқар Мұқашевке қойған едік. Асқар Өкенұлы бұл сұраққа осылай жауап берді. Бірінші мәселеге келер болсақ, аудан орталығындағы қала көшелері шамдарының жағу және өшірілу жүйесі  автоматтандырылған екен. Яғни, «фотореле» деп аталатын құрылғы көмегімен ымырт  түскенде өздігінен шамдар жағылып, таңертең жарық болғанда бірден өшіп қалады.   Бұл енгізілген жаңашылдық  жаз және қыс мезгіліндегі күннің бату мен шығуына қарай жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.

Екінші сұраққа қатысты да қала әкімі нақтылы ақпарат берді. Тұрғынның көтерген мәселесінен әкімдік хабар екен. Ескерткіш маңындағы және баспалдақтың жан-жағында орналасқан шамдардың тоғы жердің астында төселгендіктен жауын-шашынның әсерінен жиі күйіп кететін көрінеді. Дегенмен, онда ретке келтіру жұмыстары жүргізіліп тұрады. Бірақ, электр жүйесін  бір қалыпта жұмыс жасауы үшін,  толықтай  жер астындағы тоқтарды ауыстыруға тура келеді.  Үлкен жұмыс пен қаражатты қажет етіп отырған ескерткіш маңындағы  жарықтандыру мәселесін жергілікті әкімдік алдағы уақытта шешуді жолға қойып отыр.

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях