Оқушы ұтып алған 1 млн теңгесін мектебіне сыйға тартты

Оқушы ұтып алған 1 млн теңгесін мектебіне сыйға тартты

Сайөтес ауылындағы орта мектептің 4 сынып оқушысы Азамат Тоқсанбай республикалық әлеуметтік жобалар байқауына қатысты. Бала математика сабағында пайдаланатын ағаштан жылдам есептегіш ойын құралын жасап, 1 миллион теңге ұтып алды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

«Лада» басылымының мәліметінше, оқушы ұтып алған ақшаға өз мектебіне интерактивті тақта сатып алу туралы шешім қабылдапты. Сонымен қатар, ол оқу орнына жаңа гүл құмыраларын сыйлады.

Жас өнертапқыш төрт жасынан бастап сандарды есептеуді ұнатады. Алғашқы жылдам есептегішті ол қашықтықтан оқыту кезінде түрлі-түсті қағаздан жасаған. Кейін атасының қатысуымен бұл құрылғыны ағаштан қайта жасап шықты.

Оқушының айтуынша, жасаған құрылғыны математика пәнінде 1-сынып оқушылары қызығушылықпен қолдана алады.

Азамат болашақта өз жабдығын сатуды және балаларға көмектесуді армандайды.

Төртінші сынып оқушысының әрекеті ҚР Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім беру комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімованы қуантты, бірақ ол оған ақшаны кері қайтарып беру керек деп есептейді.

– Өзінің білімі мен күш-жігерінің арқасында ол 1 миллион теңге ұтып алды. Дарынды балалардың әлеуетін көтеру және талантын ашу өте маңызды. Оқушы ұтып алған сыйақыны өз мектебіне интерактивті тақта сатып алуға жұмсауға ниет білдіргені оның жүрегі мейірімді екенін, басқа да жағымды қасиеттері барын білдіреді. Бұл ретте, интерактивті тақтаны республикалық конкурста жеңіске жеткен оқушы емес, жергілікті атқарушы орган сатып алуы тиіс деп санаймын, – дейді Гүлмира Кәрімова

Комитет төрағасының айтуынша, Маңғыстау облысының білім басқармасына зияткерлік конкурста жеңіске жетіп, алынған ақшаны мектеп оқушысына қайтарып, жергілікті бюджеттен бөлінген қаражат есебінен қажетті құрал-жабдықты мектепке сатып алу ұсынылды.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях