«Парасат» орденімен марапатталды

«Парасат» орденімен марапатталды

Қарасай ауданының әкімі Жандарбек Далабаев мереке аясында мерейлі марапатқа ие болды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.

Еліміздің ұлық мерекесі – Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында Талдықорған қаласында жақында салтанатты жиын өтті. Бұл бас қосуға Алматы облысына жұмыс сапарымен келген Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев арнайы қатысып, облыстың жаңа әкімімен және Жетісу жұртшылығымен жүздесті.

Сенат спикері алқалы жиын барысында Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуының негізгі кезеңдеріне және еліміздің 30 жылда қол жеткізген табыстарына тоқталды. Сонымен қатар, Мәулен Әшімбаев Алматы облысының өсіп-өркендегенін тілге тиек етіп, тәуелсіздік жылдарында өңір тұрғындарының тұрмыстық жағдайы артқанын жеткізді.

Салтанатты шара барысында облыс әкімі Қанат Бозымбаев та сөз алып, Тәуелсіздіктің нығаюы жолында аянбай еңбек еткен, бірқатар азаматтың мемлекет дамуына қосқан үлесі зор екенін айтты. Өңір басшысы жерлестерін мерейлі мерекемен құттықтап, бірлесе әлі талай белесті бағындыруға деген сенімін білдірді.

Жетісулықтардың басы қосылған бұл жүздесу марапаттау рәсімімен жалғасты. Еңбектері еленген жандарға Мемлекеттік наградаларды Сенат төрағасы М.Әшімбаев пен Қ.Бозымбаев табыстады. Осындай құрметке бөленген азаматтардың қатарында Қарасай ауданының әкімі Жандарбек Далабаев та болды. Аудан басшысына ҚР Президентінің Жарлығымен «Парасат» ордені берілді. Дәл сол сияқты басқа да маңызды марапаттар жалпы саны 80-ге жуық адамға табыс етілді. Салтанатты шара патриоттық рухтағы мерекелік концертпен түйінделді.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях