Оқу тренд – 2023: облыстық байқауда колледж педагогтері бақ сынады (Видео)

Оқу тренд – 2023: облыстық байқауда колледж педагогтері бақ сынады (Видео)

Бүгін Үшқоңыр су шаруашылығы колледжінің базасында орта білім беру мекемелеріндегі жас педагогтардың арасында «Оқу тренд – 2023» облыстық байқауы өтті, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.
Шараның шымылдығын өз сөзімен ашқан Алматы облыстық білім басқармасы әдістемелік техникалық және кәсіптік бөлімінің басшысы Шынар Исаханова қатысушыларға сәттілік тіледі. Білім мен білік қатар түскен дүбірлі додада техникалық және кәсіптік саланың жас мамандары шығармашылық белсенділігі мен кәсібилігі, озық тәжірибелері бойынша бақ сынасты. Байқауға Есік гуманитарлық-экономикалық, Үшқоңыр су шаруашылығы, Талғар жоғары медициналық, Талғар политехникалық, Бақанас аграрлы-индустриялдық, С. Жандосов атындағы Қаскелең кәсіптік-техникалық, Шелек медициналық, Талғар медициналық, Жетісу гуманитарлық-техникалық, Экономика және құқықтану, Кәсіптік оқудағы көпсалалы колледждерінен 16 маман қатысты. Қатысушылар «Мамандығым – мақтанышым» деп аталатын бірінші кезеңде өздерін таныстырса, екінші бөлімдегі «Білім алушының бағдар картасы» бойынша өз біліктіліктері мен білімдерін көрсете білді.
«Оқу тренд-2023» облыстық байқауының І дәрежелі дипломын Талгар политехникалық колледжінің жас маманы Алма Нұртаза иеленсе, ІІ дәрежелі дипломды Есік гуманитарлық экономикалық колледжінің ұстазы Динара Абдирахманова лайық деп танылып, ІІІ дәрежелі дипломды С. Жандосов атындағы Каскелең кәсіптік-гуманитарлық коледжінің педагогы Жұлдыз Хожабаева қанжығасына байлады. Ал, қалған қатысушылар сертификаттарымен марапатталды.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях