Алматы облысында күн ысуынан өрт оқиғалары жиілеген

Алматы облысында күн ысуынан өрт оқиғалары жиілеген

Күннің ысуынан Алматы облысында өрт шығу оқиғалары жиілеген, деп хабарлайды  Karasayinfo.kz желілік басылымы Хабар 24 сайтына сілтеме жасап.

Әсіресе, мұндай жағдай жайылымдық жерлерде жиі тіркеледі. Мәселен, жаз басталғалы аталмыш өңірдегі сала мамандары далалы алқаптағы 600-ден аса өртті сөндірген. Облыс орталығы тұрғындарына қауіп төндірген жағдайлардың бірі 5 күн бұрын болды. Талдықорған қаласындағы «Көктал» ықшам ауданында қураған шөп тұтанып, 200 гектар аумақты қызыл жалын шарпыған.  Өртті  сөндіруге  10-нан аса техника мен 65 адам жұмылдырылған. Абырой болғанда, бұл оқыс оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ. Уақылы тиісті органдарға хабар түсіп, дер кезінде отты ауыздықтап үлгерген. Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Константин Канин да биылғы жаз ортасынан кейінгі аптап ыстық кезінде өрттің жиілеп кетгендігін айтты.

– Ағымдағы жылы Алматы облысының аумағында 10 орман өрті, екі рет шабындық жердің өртенуі тіркелді. Сонымен қатар, екі егістік алқап отқа оранды. Олардың  жалпы аумағы 6 гектар құрайды. Өңіріміздегі өрт сөндіру қызметінің жылдамдығының арқасында алқаптар мен жайылымдардағы жалынды еш шығын келтірместен шұғыл сөндірдік, – деді Константин Канин.

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях