Нан бағасының көтерілуіне қатысты министр пікір білдірді

Нан бағасының көтерілуіне қатысты министр пікір білдірді

Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров астық пен нанның бағаларына қатысты жағдайды баяндады, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Ауыл шаруашылық министрі С.Омаров Астанадағы баспасөз мәслихатында астық бағаларына қатысты мәлімдеме жасады.

– Қазір астықтың бағасын өсіру, кәсіпорындардағы астықтың тапшылығы, соның салдарынан нан бағасының жоғарылау мүмкіндігі туралы мәселе көтеріліп жатыр, – деп мәлімдеме жасаған министр бірқатар сұрақтарға қатысты ақпарат берді, – Нанның 15-30 теңгеге қымбаттағаны туралы хабарлама бойынша, мұның бәрі бақылауда. Әр облыспен ауданның әкімшілігі өз аймағында күн сайын нанның бағасын бақылап отырады. Біз, министрлік, Астанада да бағаларды бақылаймыз.

Сапархан Омаровтың айтуынша, 2018 жылдың соңынан биылғы жылдың басына дейін астық қымбаттады және астықтың бір тоннасы 75 мың теңгеге дейін өскенін жеткізді.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях