«Немередегі» жас футболшылардың жарысы

0
2540

Жақында Қаскелеңдегі «Немере» мектебінде шағын футболдан жарыс өтті. Оны аталмыш білім ұясының денешынықтыру пәні мұғалімі Ерлан Мусин ұйымдастырып, бәсекеге «СТС», «Олимпик», «Арыстан» футбол клубтары және «Немере» мектебінің оқушыларынан құралған команда қатысты. Алдымен жоғарыда аталған мектеп директорының әдістеме ісі жөніндегі орынбасары Бұлбұл Коғабаева қатысушыларға сәттілік пен жемісті жеңіс тілеп, алғашқы ойын «Немере» мен «Арыстан» футбол клубы арасында өтті. Ерланмен сұхбатымызда ол әкесі Салауат Мусиннің велоспорттан Кеңес Одағына да, Қазақстанға да көп еңбек сіңіргенін және бұл жарысты сол кісінің 70 жылдығына орай ұйымдастырып отырғанын айтты.

Сайыстың қорытындысымен бөлісер болсақ, бірінші орынға «Немере» командасы шығып, екінші орынды «Олимпик» командасы иеленді. Ал, үшінші орын «СТС» командасына бұйырды.

Сонымен қатар, турнирдің мықты бомбардирі ретінде немерелік Диас Тұрсынәли, ең мықты қақпашысы болып «Арыстан» командасынан Сырым Шарапов, ал, ең мықты шабуылшысы ретінде «СТС»-тің жас футболшысы Данила Макаренко танылып, оларға мақтау қағаздары мен медальдар табысталды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь