Нұрділдә Ораз ІІМ басшысының кеңесшісі болып тағайындалды

Бүгін ҚР ІІМ баспасөз қызметінен Нұрділдә Ораз ішкі істер министрінің кеңесшісі – ІІМ ресми өкілі болып тағайындалды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

37 жастағы Нұрділдә Ораз Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ университетінде «Журналистика» мамандығы бойынша білім алған. Сонымен қатар, ол Қарағандыдағы ІІМ академиясын тәмамдап, «Болашақ» бағдарламасы бойынша  АҚШ-та оқып келген. Әр жылдары Нұрділдә Ораз Алматы қаласындағы ЮСА телеарнасында журналист, «31 канал» телеарнасында «Информбюро» жаңалықтар редакциясының жүргізушісі, Астаналық «Астана» телеарнасында редактор және жетекші, Apta.kz сараптамалық бағдарламаның жетекші және редакторы ретінде жұмыс істеді.  Ал, мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын ол 2007 жылы Астана қаласы Ішкі істер департаментінің тіл саясаты және ақпарат бөлімінің басшысы болып бастап, 2011 жылы ішкі істер министрінің баспасөз хатшысы, содан кейін мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің басшысы қызметін атқарды. Ал, бұл жұмысқа дейін ол 2016 жылдан бері  Бас прокуратурада аппарат басшысының орынбасары болып істеген.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях