Министр журналистика факультетінде арнайы пән енгізуді ұсынды  

Министр журналистика факультетінде арнайы пән енгізуді ұсынды   

 

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева болашақ журналистер үшін арнайы пән енгізуді ұсынды,  деп хабарлайды karasayinfo.kz  желілік басылымы  Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, медиа сауат мәселесі өзекті.

«Себебі, бүгінгі интернет заманында әлеуметтік желілерде көптеген жалған, тексерілмеген ақпарат тарап жатыр. Сондықтан еліміздегі жоғары оқу орындарында журналистика факультетінде медиа және ақпарат сауаттылығы пәнін енгізуді ұсынамын», — деді ол жоғары оқу орындарында кадр даярлау мәселесіне арналған отырыста.

Сондай-ақ, министр жас журналистер мемлекеттік БАҚ-та өндірістік тәжірибеден өте алатынын атап өтті.

«Диплом алып шыққан жас журналистерге тағылатын тағы бір сын олардың практикалық тұрғыда дайын болмауы. Яғни жоғары оқу орнында берілетін теориялық білімнің практикамен ұштаспауы. Көп жағдайда жас мамандар практиканы жұмысқа тұрған соң үйренуге мәжбүр. Осы орайда студенттердің практикалық дағдысын дамыту үшін ақпарат және қоғамдық даму министрлігі журналистика факультеттерінің студенттерін бірінші курстан бастап мемлекеттік БАҚ-та өндірістік тәжірибеден өткізуге дайын», — деді Аида Балаева.

 

 

 

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях