Аудан әкімі Махаббат Бигелдиевтің №91 қаулысында көрсетілгендей, ағымдағы жылдың он бесінші наурызынан бастап екі айлық тазалық жұмыстары басталды, ол 15 мамырға дейін созылады. Ал, 17 наурызда алғашқы жалпыаудандық сенбілік болатынын хабарлаймыз. Бүгін сол жұмыстың бірі Қаскелең қаласында басталып, оған 30-дай адам қатысты.
Қала мен ауылдың тазалығы үшін бағытталған бұл науқандық жұмысқа аудан тұрғындарының ұйымшылдықпен, жаппай, жұмыла кірісуін сұраймыз!