Министр зейнетке шығу жасын төмендету туралы сұраққа жауап берді  

Министр зейнетке шығу жасын төмендету туралы сұраққа жауап берді   

ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов зейнетке шығу жасын төмендету туралы сұраққа жауап берді, — деп хабарлайды karasayinfo.kz  желілік басылымы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Мәжіліс депутаттары талап етіп отырғандай, ерлер мен әйелдердің зейнетке шығу жасын төмендету мүмкін бе?», — деп сұрады журналистер министрден.

«Қазіргі таңда зейнетке шығу жасын төмендету мәселесі министрлікте қарастырылып жатқан жоқ. Бірақ мұнда объективті аспектілер бар, өйткені 1998 жылдан бастап біз жаңа жинақтау жүйесіне көштік. Халықаралық тәжірибеге сүйенсек, зейнетақы реформасының әділ жүйесі бар. Адам сол жинақтау жүйесіне қалай қатысқанына қарай жоғары зейнетақы ала алады.

Зейнеткерлік жасты төмендетуге келетін болсақ, кейбір адамдар зейнетақысының бір бөлігін жинап үлгермеуі мүмкін, мүмкін зейнетақысы өте аз болады. Бұл мәселе қаралып жатқан жоқ. Сонымен қатар, бізде зейнетақы аннуитеті бар, ер адамдар үшін — 55 жас, олар шекті соманы жинақтап, зейнетақы аннуитетін рәсімдеуге өтініш бере алады», — деді Шәпкенов.

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях