Кітапханашылар Көрісу күнін атап өтті

Кітапханашылар Көрісу күнін атап өтті

14 наурыз — Көрісу күні. Адамдар бұл күні өздерінің арасындағы бұрынғы өкпе-ренішін кешіріп, араздықты ұмытып, бір-біріне амандық-саулық тілейді. Көктемге аман есен жеттік деп, дастархан жаяды, үлкендерге сәлем беріп, құттықтап жатады. Осы бір татулық пен ынтымақтастық мейрамын біздің аудандық кітапхана қызметкерлері де атап өтті, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Нақтырақ айтқанда, бүгін кітапхана қызметкерлері атаулы күн қарсаңында аудандық Мәдениет үйінің қызметкерлерін құрметті қонақ ретінде күтіп, қазақтың ежелден келе жатқан салт-дәстүрлерін жандандырды.

Шара барысында Мәдениет үйінен келген құрметті қонақтар қазақи тізе бүгу салты бойынша дастархан басына шақырылып, өздеріне көрсетілген құрметтін кәдесі ретінде руханиат ордасынын қызметкерлеріне тамаша ән шашуларын сыйға тарты. Мұнан кейін келген қонақтар «қымызмұрындық», «бел көтеру», «құрсақ шашу» салттарын жасап, ақ дастархан басында ән айтып, наурыз көжеден дәм татты. Бұдан бөлек қадірлі мейман ретінде шақырылған аудан әкімінің орынбасары Күлжан Дүйсенова, аудандық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы Шара Қанатқұлқызы, аудандық тарихи-өлкетану музейінің директоры Серік Қалиев, қазақ радиосының жүргізуші Гүлмира Нәлібай сөйлеп, осындай бір тамаша әрі қазақ халқының көнеден қалыптасқан дәстүрін жандандырып, керемет іс-шара ұйымдастырған аудандық кітапхана қызметкерлеріне алғыстарын жеткізді.

Мерекелік шара соңында барлық қонақтар жайылған ақ дастарханға отырып, арнайы дайындалған наурыз көжеден дәм тәтті.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях