Мереке қарсаңында  мәдениет саласының ардагерлерімен кездесу кеші  

Мереке қарсаңында  мәдениет саласының ардагерлерімен кездесу кеші   

Игілік пен ізгіліктің, адамгершілік пен қарапайымдылықтың үлгісін танытқан ардагерлеріміз қандай құрметке болсын лайық. Осы орайда қарттар күні аясында  үшінші қазан күні аудандық Мәдениет үйінде «Қарттарым, берекемсің тұнып тұрған» атты мәдениет саласының ардагерлерімен кездесу кеші өтті, деп хабарлайды naqty.kz желілік басылымның тілшісі.

Кеште ақылдың кенін арқалаған, адамгершілік пен қарапайымдылықты бойына сіңіре білген ардагерлерімізге мерекелік құттықтаулар мен жылы лебіздер айтылып, жүріп өткен жолдарынан бейнежазба көрсетіліп, мерекелік концерттік бағдарлама ұсынылды. Тамылжыған әндердің әуеніне  дем алған ардагерлеріміз шексіз ризашылықтарын білдірді. Кеш соңында қарттар құрметіне арналып мерекелік дастархан жайылды.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях