Қариясы бар ауыл – қазынасы бар ауыл

Қариясы бар ауыл – қазынасы бар ауыл

   1990 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының шешімімен 1 қазан «Халықаралық қарттар күні» деп жарияланды. Осы мерекеге қарсаңында Ескелді аудандық жұмыспен қамту орталығының  «Жалғыз басты қарттар мен мүгедектерге үйде әлеуметтік қызмет көрсету» бөлімшесінің есебінде тұрғандарға кәсіпкерлердің көмегімен азық-түлік себептері таратылды, деп хабарлайды naqty.kz желілік басылымының тілшісі. 

Атам қазақ «Алпысқа келгеннен ақыл сұра» деген даналықты ежелден ұстанып, жасы келген адамдарды ақылдың кеніші, барлық істің көзін білетін тәжірибесі мол жандарға құрметпен қараған. Қазіргі таңда аталған бөлімшенің есебінде 66 қарт және  үш мүмкіндігі шектеулі жан бар. Игілікті бастамаға ауданда орналасқан қайырымды жандар  басқаратын  «Қазақстан», «Мега», «Оптомаркет», «Овация», «Оптовочка»,  «Достар», «Болашақ», «Люкс», «И снова Здравствуйте»,  «Каратал», «Малика», «Ақ жол», ИП Бозаева  дүкендері және  жеке кәсіпкерлер Касабекова және Шуленбаева атсалысты.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях