Мектепке жол акциясы өтті

Мектепке жол акциясы өтті

Ауданымызда «Жүректен жүрекке» атты ұранмен «Мектепке жол» акциясы өтуде, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Аталмыш акция биыл республика бойынша биыл дәстүрлі түрде 12-ші рет ұйымдастырылып отыр. Маңызды іс-шараның мақсаты оқушыларды мектепке толық дайындау, көп балалы, жетім, жартылай жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға қамқор болып, олардың әлеуметтік себептер салдарынан мектепке бара алмауынан алдын алу болып табылады.

Ағымды жылы да бұл қайырымдылық акциясы ауданымызда жақсы жалғасын тапты. Бүгін аудандық кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен аудандық орталық кітапханада «Мектепке жол» акциясы өткізілді. Жылдағы үрдіске айналған игі шара барысында аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы Сағындық Жылқыбаев ата-аналар мен балаларды басталуына аз уақыт қалған жаңа оқу жылымен құттықтап, әлеуметтік жағдайы төмен және көп балалы отбасынан шыққан 20 балаға іші мектепке қажетті құрал-жабдықтарға толы сөмкелер берді.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях