Мектеп дәретханасында жасөспірім қызды зорлау оқиғасына қатысты сот басталды

Мектеп дәретханасында жасөспірім қызды зорлау оқиғасына қатысты сот басталды

Жуырда Тараздағы мектептің дәретханасында болған шулы оқиғаға байланысты Жамбыл облысы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сот отырысы басталды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Еске сала кетсек, өткен жылдың 15 қараша күні Тараз қаласының 102 пультіне жедел жәрдем қызметінен жасөспірім қыздың зорланғаны туралы хабарлама түскен болатын. Сотқа дейінгі тергеу ҚР Қылмыстық Кодексінің 120-бабының 4-бөлігі және 121-бабының 4-бөлігі бойынша жүргізіліп, мектептің аумағында орналасқан камералар арқылы біраз уақыттан кейін зорлық жасаған күдікті ұсталған еді.

Сотталушы – 38 жастағы облыс орталығының тұрғыны. Үйленбеген, бұған дейін осы тектес қылмыс жасағаны үшін сотты болған. Қылмыскер өз кінәсін толық мойындаған. Енді, ол 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Жапа шегушінің жас ерекшелігін ескереле, алдағы уақытта болатын сот жабық режімде өтеді.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях