Медициналық инфрақұрылымды дамыту – басты назарға алынды

Медициналық инфрақұрылымды дамыту – басты назарға алынды

«Парламенттің кезекті сессиясының жұмысы өте күрделі кезеңде басталып отыр. Елімізде жер жаһанда зор қауіп төндірген пандемияға қарсы күрес әлі де жалғасуда» – деп Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылғы Жолдауын медицина және бірқатар сала қызметкерлеріне алғыс білдірумен бастады.

Жолдауда қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайға жан-жақты, терең талдау жасалған және оны түбегейлі оңалту бағытында нақты міндеттер қойылып отыр. Президент мемлекеттің тыныс-тіршілігінен жан-жақты хабардар екендігін сенімді түрде паш етті.  Мемлекет басшысы Үкіметтің пандемиямен күрес кезінде жіберген қателіктерден сабақ алып, жұмысты жедел жолға қоя білгендігін алға тартты. Алайда ахуалдың жақсаруы босаңсуға себеп болмауға тиістігін,  күрестің әлі де жалғасатындығын айтты. ДДСҰ болжамы бойынша пандемияны жеңу үшін кем дегенде 2 жыл қажет екендігін де ескертті.  Осыған сәйкес, Үкімет нақты шектеулер мен бейімді карантин әдістерін енгізізіп, «Пандемиямен күрес жөнінде» кешенді бағдарлама әзірленеді екен.

Медициналық инфрақұрылымды дамыту – бұл Жолдауда басты назарға алынды. Мемлекет басшысының айтуынша, осы негізде жыл соңына дейін ел аумағында 13 жаңа жұқпалы аурулар ауруханасы, ал, 2025 жылға қарай денсаулық сақтау саласына арналған 20 заманауи көпсалалы нысан пайдалануға берілетіні үлкен маңызға ие болмақ. Бұл осы мақсатқа орай 1,5 трлн теңгеге жуық инвестиция тартылады. Елбасының бастамасымен Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында екі көпсалалы медициналық орталық салынады. Бұл орталықтар еліміздің беткеұстар мекемелеріне айналып, инновациялық өсімге және қолданбалы медицинаның дамуына тың серпін берері сөзсіз. Сонымен бірге, Президент барлық ауылдық елдімекендерде фельдшерлік-акушерлік пунктілермен және дәрігерлік амбулаториямен қамтамасыз етуді тапсыруы өте өзекті. Бұның артында тұрғындарға сапалы қызмет көрсету сияқты әбден жауыр болған проблеманы шешуге деген ұмтылыс тұр. Президент Жолдауда отандық фармацевтика саласына қатысты  дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдар Қазақстанда өндіруді тапсырып, келер жылы  нақты нәтиже күтетіндігін айтты. Қасым-Жомарт Кемелұлы пандемия кезінде  сирек салалы дәрігерлер: эпидемиологтарды, инфекционистерді, реаниматологтарды және кардиологтарды әзірлеу мәселесін төтесінен қойды. Үкіметке шамамен 10 жылға медициналық мекемелерді кадрлармен қамтамасыз ету бойынша ұзақ мерзімді болжам жасауды тапсырды.  Дәрігерлерге кезек күттірместен биылғы жылдың екінші жарты жылдығында  ынталандыру үшін  үстемеақысын төлеуге 150 млрд теңге бөлінетін болады. Ал,  2023 жылға қарай олардың қызметтік ақысы экономикадағы орташа жалақыдан екі есе жоғары болады. Маған медицина саласының өкілі  ретінде Президенттің «ЭКО»бағдарламаларыдағы квоталардың  санын 7 мыңға дейін, яғни, жеті есеге дейін ұлғайтып,  2021 жылдан  бастап  «Аңсаған сәби» жобасын іске қосатындығы өте көңіліме қонымды болды.  Жолдауда медицина саласына қатысты барлық мәселелер қамтылып, жүйелі жоспарлар құрылды. Оның орындалу барысында біз де өз тарапымыздан толықтай ат салысуда барлық күш жігерімізді жұмсаймыз.

Мәулен МАЛГАЖДАРОВ,

Қарасай аудандық орталық аурухананың бас дәрігері.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях