Алға үлкен де ауқымды міндеттер қойылды

Алға үлкен де ауқымды міндеттер қойылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арналған жаңа Жолдауының мән-маңызы, шын мәнінде, аса зор деуіміз керек. Мұнда Президентіміз дағдарыс жағдайында еңбек етіп, өмір  сүрудің, экономиканы дамытудың, әлеуметтік жағдайы жақсартудың жолдары жайында жан-жақты айтып, алдымызға үлкен де ауқымды міндеттер қойды.

Өйткені, коронавирус пандемиясы барлық елдер сияқты Қазақстанға да көп кесір-зиянын тигізді. Сондықтан да ол әкелген зардаптарды жоя отырып, бәріміз де жаңаша  жұмыс істеуіміз керек, Қасым-Жомарт Кемелұлы, міне, басты назарды осындай маңызды мәселеге аударды.

Президент өзінің Жолдауында алдымен мемлекеттік басқарудың жаңа моделін жасау қажеттігін баса айтты. Сол сияқты жаңа өмір шындығы  кезіндегі экономикалық дамуға кеңінен тоқталып, ол халықтың әл-ауқатының артуына жұмыс  істеуі тиіс, деп атап көрсетті. Сонымен бірге, осы  салада өнеркәсіптің әлеуетін толық пайдалану, сапалық тұрғыда жаңа индустрияны дамыту мәселелеріне де тоқталды.

Қасым-Жомарт Кемелұлының  ел назарына ұсынған Жолдауында аумақтық дамуды теңдестіру, азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатын жақсарту жайы да нақты көтерілді.

Мұнымен бірге Президентіміз қол жетімді әрі сапалы білімді, денсаулық сақтау жүйесін дамытуға,  ауылшаруашылығын өркендетуге де, экологияны, қоршаған ортаны қорғау жайына да айрықша көңіл бөлді.

Қасым-Жомарт Кемелұлы сонымен қатар, нағыз әділетті қоғам ғана  азаматтарға мықты  қорған болатынын да атап айтып,  ұлттың жаңа болмысын қалыптастыру да өте өзекті  екеніне көз жеткізді.

Жалпы, Мемлекет басшысының бұл Жолдауында  мемлекетті дамытудың, адамдардың өмір-тұрмысын жақсартаудың барлық  мәселесі дерлік сөз болды. Олардың ішінде жұмыспен қамту, адам құқығын қорғау, сыбайлас  жемқорлықпен күрес, шағын және орта бизнесті ілгерілету, көлеңкелі экономикамен  күресті  күшейту, бәсекелестікті нығайту тәрізді мәселелер де бар.

Президент жер-жердегі Қоғамдық кеңестердің жұмыстарын жақсарту туралы да атап, біздің де алдымызға үлкен міндеттер қойды.

Ендеше, барлығымыз да Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының жаңа Жолдауында алға қойылған мақсат-міндеттерге сай жұмыс істеп, еңбек етейік!

Сағат МӘСІМАҚЫНОВ,

аудандық Қоғамдық  кеңестің төрағасы.

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях